Экскурсия

Тур атауы Басты экскурсиялық тур

Өту мерзімі Сәрсенбі, 2 Қыркүйек, 2015 ж

Тур ұзақтығы 5 сағат (14.30-19.30)

 

 

               "Медеу-Шымбұлақ" экскурсиясы.

Медеу мұз айдыны Алматы қаласының көрікті және сүйікті орындарының бірі. Медеу мұз айдыны теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте және қала орталығынан 20 минуттық қашықтықта орналасқан. Тау бөктеріндегі жайлы климат, күн радиациясының қолайлы деңгейі, төмен ауа қысымы және таза тау суы мұздың жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Бұл жерде 120 аса әлемдік рекордтар жасалды. Сондай-ақ Медеу мұз айдыны кешеніне 842 баспалдақ арқылы жоғары шығуға болады.

Кешен 8500 отырғышпен қамтамасыз етілген және бір мезгілде мұз айдыны 3000 адамды қабылдай алады.

 

Шымбұлақ – Алматы қаласының орталығынан 25 шақырым жерде, Іле Алатауы шатқалында 2260 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты.

Тау-шаңғылы курорт теңіз деңгейінен 2260 метрден 3163 метрге дейінгі биіктікте орналасқан. Шаңғылы трасса Халықаралық шаңғы спортының федерациясының талаптарына сай. Жаз мезгіліндегі орташа температура +200С, ал қыста -70С. Қар қабатының орташа деңгейі 150 см, шуақты күндер 90%. 2011 жылы VII Қысқы Азия ойындары сәтті өтті.

                                                                                                                                                                                                    Бағдарламада өзгерістер мен түзетулер болуы мүмкін.

 

Ілеспе адамдарға арналған саяхат

Тур атауы Алматы тур

Өту мерзімі Дүйсенбі, 31-ші Тамыз, 2015 ж

Тур ұзақтығы 5 сағат (14.30-19.30)

 

Саяхат бағдарламасы

Негізгі көрікті жерлер: Абай атындағы Опера және балет театры, Астана алаңы, Панфилов паркі, Ағаш соборы, мемориал, халық аспаптар мұражайы, Республика сарайы, Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы, Республика алаңы, Тәуелсіздік монументі, Орталық мемлекеттік мұражай.

                                                                                                                                        Бағдарламада өзгерістер мен түзетулер болуы мүмкін.